Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (Feb 2016)

Қазіргі кезеңдегі Қазақстан – АҚШ қатынастарының кейбір мәселелері

  • А. B. Kuzembayeva

Journal volume & issue
Vol. 69, no. 1

Abstract

Read online

Мақалада Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуына байланысты қазақстандық-американдық қатынастардың сипаты ашылып, олардың даму перспективалары қарастырылған. Қазақстан Еуразия кеңістігінде интеграциялық үдерістерді ынталандыра отырып, көпвекторлы саясатты жалғастыруға мүдделі болуда. Осы нық орныққан бағдардың түпкілікті қағидаттары мен құндылықтарына бекем болу – біздің мемлекетіміздің даму шарттарына сәйкес келетін сыртқы саясаттың жалғыз үлгісі болып табылады. Қазақстанның АҚШ және Батыстың басқа елдерімен өзара іс-қимылдары еліміздің көпвекторлы сыртқы саясатының өміршеңдігі мен серпінділігін көрсете білді. Мақалада Қазақстан Республикасы мен АҚШ-тың сауда-экономикалық саласындағы ықпалдастығының кейбір жетістіктері мен мәселелеріне талдау жасалған. Қазіргі таңда Қазақстан – АҚШ қарым-қатынастары әлемдік саясаттың түйінді мәселелері бойынша ұстанған бағыттарының, сондай-ақ ықпалдастықтың басым салаларындағы ұзақ мерзімдік ұлттық мүдделерінің жақындығымен ерекшеленетіндігі атап өтіледі.

Keywords