Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (Jun 2016)
«Араб көктемі» және оның Еуропалық Одақтың аймақтық стратегиясына ықпалы
Abstract
2010 жылдың аяғында және 2011 жылдың басында Солтүстік Африка мемлекеттері Тунис, Египет, Ливияда басталған «араб көктемі» бүкіл Таяу Шығыс аймағына жайылды. Бұл революциялық толқындар 2011 жылдың ақпан айының соңына 22 араб мемлекетінің 19-ын қамтыды. Бұл аймақтағы елдер 2004 жылдан бастап Еуропалық Одақтың шығысқа кеңеюінен соң, көршілестік саясатының ауқымына кірген еді, ал 2008 жылдан бастап оның Жерортатеңізі үшін Одақ көліміндегі әріптестеріне айналған еді. Мақалада ЕО-тың бастапқы кезеңдегі ұстамды жауапта болуының себептері, кейін ЕО-тың жаңа аймақтық стратегияны және тиісті тәсілдер мен құралдарды жасап шығарудың қажеттілігі қарастырылады. Жаңа аймақтық стратегияны жасап шығару тек қана саяси емес, сонымен қатар, қаржылық-экономикалық қажеттіліктен шықты. Мақалада ЕО саммиттерінің қорытынды құжаттары басты назарға алынып, араб мемлекеттерімен жетілдірілген ынтымақтастық концепциясы баяндалған ЕО-тың ресми құжаттары қарастырылды. Жалпы алғанда ЕО өзінің бұрынғы саясатынан бас тартатындығын мәлімдеп отырған жоқ, ол аймақтағы өзгерістер мен осыған байланысты туындап жатқан жаңа мүмкіндіктерді ескере отырып, өз бағытын қайта жаңғыртқандығын көрсетіп отыр.