Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (May 2016)

XIX ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің сыртқы саясатының басым бағыттары

  • Р. С. Мырзабекова

Journal volume & issue
Vol. 41, no. 3

Abstract

Read online

Мақала ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің сыртқы саясатындағы басым бағыттар туралы мол мәлімет береді.ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің сыртқы саясаты елдің ішкі дамуындағы мәселелермен байланысты болды. Ресей, негізінен ішкі мәселелерге басымдылық беріп, халықаралық қақтығыстардан барынша аулақ болуға тырысты, Еуропадағы белсенділіктен бас тартып, даулы мәселелерді дипломатиялық жолдармен шешуге ұмтылып отырды. Жалпы, ХІХ ғ. Ресейдің сыртқы саясатындағы еуропалық бағытта ауыз толтырып айтарлықтай өзгерістер болмады. Сондықтан патшалық Ресей барлық күшін Шығыс елдеріне, оның ішінде Орта Азия мен Қиыр Шығысқа сала бастады.

Keywords