Turkic Studies Journal (Mar 2024)

Қытай архивінен табылған қазақтарға қатысты бір парша жарлық хат және оның тарихи маңызы

  • Duisenali Abdilashim

DOI
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2024-1-7-22
Journal volume & issue
Vol. 6, no. 1

Abstract

Read online

Мақалада Цин империясының қазақтың шығыс шекара аймақтарына иелік еткен Ханқожа сұлтанға жолдаған «жарлық хаты» тарихи деректану ғылымының зерттеу әдісі аясында ыждағаттықпен талқыланады. Жоңғарлар жойылғаннан кейін Қазақ хандығының Орта-Шығыс аймақтарына иелік еткен Абылай, Әбілпейіз сұлтан Цин патшалығымен ресми қарым-қатынас орнатты. Бұл мезгіл қазақша құжаттарда үнемі «сиыр жылы» деп хатқа түскен 1757 жылға тура келеді. Осыдан кейін әр екі жақ арасында сауда-саттық қатынасы қалыптасып, 1758 жылы Үрімжіден, 1761 жылы Іледен, 1764 жылы Тарбағатайдан сауда жәрмеңкелері бірінен кейін бірі ашылып, Қазақ хандығы мен Цин патшалығы арасындағы саяси-экономикалық байланыстың үздіксіз дамуына қолайлы шарт жағдай жасалды. Осыған орай, екі ел арасындағы барыс-келіс одан ары жиілеп, өзара жазысқан ресми іс қағаздардың саны да қауырт көбейді. Бұлардың денін қазақ хан, сұлтандары жазған әр түрлі мақсаттағы дипломатиялық хаттар құрады. Олар елшілер арқылы Цин патшалығының жергілікті әкімшілігіне жеткізіліп, одан патшаға жөнелтіліп отырды. Мұндай құжаттар қорының ішінен Цин патшалығының қазақ хан, сұлтандарына жолдаған жарлық хаттарының ескі жазба тіліміздегі аударма нұсқасы кездесіп қалады. Біз талдап отырған архив құжаты – дәл осы нұсқалардың бірі, нақтылап айтқанда, 1787 жылы Цяньлун патшаның Ханқожа сұлтанға жолдаған дипломатиялық хаты. Аталмыш хаттың тілі жатық, мазмұны ұғынықты, XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының әлеуметтік тарихын, ұлысаралық қарым қатынасын және тілжазу мәдениетін зерттеуде аса құнды жазба материал ретінде қаралады.

Keywords