Turkic Studies Journal (Dec 2023)

Ясауидің «Диуани Хикметі» мен Дантенің «Құдыретті комедиясында» бейіш пен тозақтың бейнеленуі

  • Zhanat Aimukhambet

DOI
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2023-4-146-162
Journal volume & issue
Vol. 5, no. 4

Abstract

Read online

Мақалада Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикметіндегі» пейіш пен тозақ айтысын түркі сөз өнеріне тән айтыс үлгілерімен және Данте Алигьеридің «Құдыретті комедиясындағы» жұмақ пен тозақтың бейнеленуімен салыстыра талдау мақсат етілген. Ясауи хикметтерінің рухани-философиялық және көркемдік құндылығы қарастырылып, пейіш, тозақ ұғымдарының адамзат санасындағы бейнесі зерделенеді. Рухтың мәңгілік өмірі туралы сенім «екі дүние» моделін туындатты. О дүниенің өзін рухтың бұ дүниедегі ісіне қарай тұрақтайтын екі әлемнен тұратынын діни тұрғыда негіздеген жазбалар баршылық. Жұмақ пен тозақ бейнесі қасиетті кітаптардың ғана емес, көркем туындылардың да алтын өзегіне айналды. Солардың жарқын бір үлгісі – Дантенің «Құдыретті комедиясы». Бұл туындыда бейнеленетін о дүниелік екі тұрақ сипатын түркі дүниесінің ғұламасы Ясауи хикметтерімен салыстыру арқылы жалпыадамзаттық көркемдік таным негіздері туралы ой қорытылады. Ясауи жұмақ пен тозақты айтыстыру арқылы гуманистік ұлы мұраттарды үлгі етеді. Адам баласының адамгершілік болмысы ар-ұятпен бағаланатыны, рухани құндылықты тұтыну ұстанымы айтыс үлгісіндегі мәтінде барынша айқындалады. Қазақ фольклорындағы айтыста ұтымды да тапқыр сөзбен қарсыласты жеңу мақсат етіледі. Хикмет жанр ретінде түркі өлеңімен мазмұндық, пішіндік тұрғыда үйлесім тауып, айтылар ойды жеткізудің тиімді тәсілі ретінде айтыс үлгісін жатсынбай қабылдайды. Бұл бинарлық оппозициялық ұғымның адамзат танымындағы мәдени код ретінде рухтың тазалығы мен асқақтығы жолындағы күресті таныту мақсатында сөз өнерінің басты нысанына алынғаны талдаулар негізінде тұжырымдалады.

Keywords