Хабаршы. Заң сериясы (Nov 2018)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

  • Джангабулова А.К.,
  • Айдарханова К.Н.,
  • Ережепқызы Р.

Journal volume & issue
Vol. 86, no. 2
pp. 78 – 85

Abstract

Read online

Мақалада қазіргі таңдағы экологиялық құқықтың ең өзекті мәселелерінің бірі энергетикалық қауіпсіздігі құқықтық реттеудің кейбір мәселелері жан-жақты қарастырылып, оларға кешенді талдау жүргізілген. Осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнаманың мазмұны зерттелген. Мемлекеттік энергетикалық қауіпсіздік стратегиясының негізгі бағыттарының бірі жаңартылатын энергетикалық ресурстар мен озық технологияларды дамытуды жеделдету болып табылады. Жүргізілген зерттеу негізінде теориялық тұжырымдар мен ағымдағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленген. Мақаланың әдістемелік негізін салыстырмалы-құқықтық әдіс, формальді логика әдісі, жүйелеу құрылымдық талдау әдісі, ғылыми абстракция, салыстыру мен ұқсастық, құқықтық процестердің дамуы барысындағы объективті мен субъективтінің бірлігі, сараптамалық бағалау, зерттеу құжаттары мен материалдарын талдау мен зерттеу әдістері құрады. Мақалада мемлекеттік энергетикалық саясаттың негізгі бағыттары айқындалады және оны жүзеге асыру үшін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету жүйесін құру жөніндегі шаралар ұсынылады. Автор жаңартылатын және баламалы энергия көздерін енгізу және құқықтық реттеу мәселелеріне көңіл бөледі.

Keywords