Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (May 2016)
ИРАННЫҢ ҚИЫР ШЫҒЫС ЕЛДЕРІМЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ-САУДА ҚАТЫНАСТАРЫ (ҚЫТАЙМЕН, ЖАПОНИЯМЕН, ОҢТҮСТІК КОРЕЯМЕН)
Abstract
Мақалада Иранның Қиыр Шығыс елдерімен экономкалық-сауда қатынастары жөнінде мол мағлұмат беріледі.Қиыр Шығыс дәстүрлі түрде Иранның экономикалық дипломатиясында басым сипаттағы бағыттың бірі болып табылады. Негізгі сауда әріптестері ретінде – Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея мемлекеттері болып саналады. Иранның осы елдермен сауда айналымы соңғы кезде тек тұрақты даму тенденциясында ғана емес, оның сандық көрсеткіштерінде де байқалады. 2007 ж. сауда айналымының жалпы көлемі 42 млрд долл. АҚШ белгісінен артты. Оның ішінен 20 млрд долл. –Қытаймен, 14 млрд долл. – Жапониямен, 8 млрд долл. – Оңтүстік Кореямен. Осы жағдайда сауда айналымының тірегін ирандық экспорт құраса, оның негізгі бабы – мұнай болып есептеледі.