Хабаршы. Психология және социология сериясы (Nov 2015)

Қарттармен әлеуметтік жұмыс кезінде орын алатын бірқатар психологиялық мәселелер. Некоторые психологические проблемы в социальной работе с лицами пожилого возраста.

  • N. S. Akhtaeva,
  • Sh. K. Tolendi

Journal volume & issue
Vol. 55, no. 4

Abstract

Read online

Мақала қазіргі таңдағы әлеуметтік жұмыс саласында егде жас­ тағы қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жүргізу барысында орын алатын бірқатар психологиялық мәселелерді қарастыру, солардың ішінде жанжалдардың шығу себептерін анықтау, сондай­ақ олар­ дан шығу жолдарын қарастыруға арналған. Қарттармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс өте көп шыдамдылық пен қажырлылықты талап етеді, себебі қоғамның бұл өкілдері өмірдің ауыр зардаптарын бастан кешіп, қиыншылыққа қарсы тұра білген тұлғалар болғандықтан олар көбінесе агрессивті қалыпта болады. Сол себептен де бұл мақалада қарттармен жұмыс барысында туындаған қақтығыстарды психоло­ гиялық тұрғыдан, медициналық тұрғыдан қарастырып, егде жастағы адамдарды өмірдің ауыр зардаптарына төзімділігін одан әрмен арт­ тыруға, кездесетін шиеленісті жағдайларға дайындығын жақсартуға арналған әдістер кешені ұсынылған. Мақаланың өзіндік ерекшелігі – қарттармен әлеуметтік жұмыс барысында орын алатын конфликтілі жағдайларды тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сондай­ақ осы сала бойынша қызмет атқарып жүрген әлеуметтік қызметкермен сұхбат жүргізу арқылы анықтау. Қоғамда, қарт адамдар маңызды индивид ретінде қаралатындықтан олардың психологиялық тұрғыдан ерекше­ ліктеріне жете назар аударуда бұл мақала әрбір тұлғаға осы жағдай­ лардан шығуға жағдай жасары анық. В статье рассматриваются психологическая характеристика по­ жилого человека и психологические особенности работы с ними в процессе деятельности социального работника. В работе значитель­ное внимание уделяется тем противоречиям, которые возникают в процессе общения между пожилыми людьми и социальными работ­никами, обусловленными особенностями этого возраста. Опираясь на работы известных исследователей в этой области, авторы предс­тавили психологический портрет пожилых людей, а также отрази­ли ответы заместителя директора по социальной работе «Дома ве­теранов» г. Алматы Алимбековой Нұрзии Ағабекқызы, полученные посредством интервью. В результате этого интервью были выявлены основные трудности в общении с пожилыми людьми, связанные с их возрастными изменениями как в когнитивной, так и в эмоциональной и поведенческой сферах.

Keywords