Әл-Фараби Атындағы Қазақ Ұлттық Университеті хабаршы шығыстану сериясы (May 2016)
ХХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы Египеттегі тарихи роман
Abstract
ХХ ғасырдың 30 жылдарының екінші жартысында египет тарихи романдарында жаңа патриоттық бағыттың пайда болғандығы байқалады. Оның басында Әли әл-Джарим, Фарид Абу Хадид, Мухаммед Саид әл-Арйан, Али Ахмед Баксир, Абд әл-Хамид әл-Гуда ас-Саххар, Адил Камил сынды романистер болды. Ағартушылық тарихи романдар негізін салған тарихи ілім мәдениетін тәрбиелеу дәстүрін жалғастыра отырып романистердің шығармалары өткен дәуірдегі батырлық образдар жемісі болып табылатын ұлттық тәуелсіздікке шақыру міндетін алады.