Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (Feb 2016)
Жоғары оқу орындарындағы әлеуметтік-мәдени ортаны жетілдіру әдістемесі
Abstract
Мемлекеттің білім беру саласындағы саясатымен айқындалған тәрбие мәселесіне ерекше назар бөлу, қазіргі білім беру мекемелерінде оқытушылардан тәрбие үдерісіне жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Қазіргі Қазақстандағы жасөспірім ұрпақтың дамуы – білім беру мекемелерінде әлеуметтік мәдени ортаның құрылу деңгейіне тікелей байланысты. Кәсіби білім беру жүйесінің жұмыс істеуі үшін қажетті қағида – жоғары оқу орындарының қызметін ерекше әлеуметтік мәдени институт ретінде қамтамасыз ету болып табылады. Ол студенттердің қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға, олардың рухани, адами-ізгілікті және кәсіби мамандықтарына қатысты қабілеттерін дамытуға қолдау көрсетуге бейімделінген болуы керек.