Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (Apr 2016)
Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздердің мəні мен рөлі
Abstract
Бұл мақалада Иранның ядролық бағдарламасына қатысты алматылық келіссөздер сарапталады. Со- нымен бірге қазіргі кезеңдегі Иранның ядролық саласына əлемдік қауымдастық тарапынан қалай назар аударылатындығы мен Иранның уранды байыту жөніндегі өндірістік қуаттылығына деген МАГАТЭ көзқарасы қарастырылады. Мақалада, сондай-ақ осы елге қатысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қабылдаған бірқатар қарарлары да, яғни ядролық қаруды құру мақсаты үшін пайдалануы мүмкін болатын уранды байыту бойынша өндірістік қуаттылықты арттыруға байланысты бағдарламаны жүзеге асыруды тоқтатуға шақыруы да аталып өтіледі. «Алтылық» пен Иран арасындағы келіссөздерге қатысты кейбір мемлекеттердің ұстанымы да баян- далады. Иран өз кезегінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің талаптарын орындамауына қыр көрсету мақсатында кең көлемдегі өндірістік нысандарында уранды байыту бойынша жəне басқа да ядролық жанармайдың қуаттылығын арттыруға бағытталған жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда. Ирандық тарап мұны тек қана бейбіт мақсатқа арналған деп дəйектеуде.