Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (Jun 2016)
Мысырдағы саяси дағдарыстың салдары мен негізгі мәселелері
Abstract
Мақалада Мысыр еліндегі Мүбарак билігінен кейінгі саяси дағдарыстың негізгі мәселелері қарастырылады. Мысырдың болашағы үшін күрес бір сәт те толастамады. Мүрсидің әрекеті – сот жүйесіне қарсы соққы беруі – жаңа Конституция бекітілгеннен кейінгі оның ойлаған ойын айқын көрсетті. Елдің болашағына қатысты мысырлық либералды және исламдық күштер арасындағы алауыздық арта түсті. Сонымен бірге мақалада 2013 жылғы шілде айының басында Мысырдағы әскери төңкерістің нәтижесінде қалай Мұхаммед Мүрсиді президенттіктен кетіргендігі туралы баяндалады. Мысырда Конституция күшінің тоқтатылғандығы жөнінде жарияланған болатын. Елді дағдарыстан алып шығу үшін «Жол картасы » шеңберінде құрылған арнайы комиссия жаңа Конституцияның мәтінін әзірлеуді бастайды. Мысырда мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу жайында хабарланады. 2014 жылдың мамырында Мысырдағы президенттік сайлауда Абдель Фаттах ас-Сиси жеңіске жетті. Мысыр мәселелері айқын және зор өзгерістер күтілуде, сол ретте бүгінгі күні біздің аңғарғанымыз таяу жылдар жағымды өзгерістерге толы болар деген үміттер.