Хабаршы. Психология және социология сериясы (Dec 2014)
Мүмкіндігі шектеулі топтарды әлеуметтік қорғау
Abstract
Қазақстанда нарықтық қоғамның дамуы мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыстың мәнінің, технологиясының, әдістерінің жаңа деңгейге көтерілуімен сипатталады. Адамдық потенциалды дамытуға, адамдық капиталға қаржының салынуына мән берілуі әлеуметтік жұмыстың объектілеріне қатысты серіктестікке негізделген қарым-қатынасты дамытуды талап етеді. Оларға мүсіркей қараудың орнына қоғамның тең құқылы азаматы ретінде барлық жағдайлардың жасалуына мән берген жөн. Қоғамның мүсіркей қарауы олардың басқа адамдармен тең емес екендігін мойындау-мен бірдей. Қоғам мұндай қатынастардан арылмайынша мүгедектердің өздеріне деген сенімдерінің қалыптасуы мүмкін емес. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қорғау мен қолдау және оңалту әлеуметтік жұмыс мамандарының маңызды міндеттерінің бірі.