Әл-Фараби Атындағы Қазақ Ұлттық Университеті хабаршы шығыстану сериясы (Jun 2016)
Қытайдың Еуроодақтың көшбасшы мемлекеттерімен қатынасы
Abstract
Бүгінде Еуроодақ Қытай үшін көлемі жағынан екінші сауда серіктесі болса, ал Еуроодақ үшін Қытай бірінші кезекте болып отыр. Қытайда сыртқы саясаттың жаңа стратегиясына байланысты халық- аралық қатынастардың қатысушыларымен серіктестіктің айрықша түрлері бар. Осыған орай, Еуроодаққа қатысты 1998 ж. бері ҚХР-Еуроодақ сындарлы серіктестігі жұмыс жасап келеді. Еуропалық одақта да жалпы Азиямен, сондай-ақ жеке Қытаймен қатынастарды реттеуге бағытталған бірқатар құжаттар бар. Мысалы,1994 ж. қабылданған «Азияға қатысты жаңа стратегия », сондай- ақ 2001 ж. қабылданған «Еуропа мен Азия: ілгерілетілген серіктестік үшін стратегиялық негіз ». Еуропа мен Азия арасындағы қатынастар сонымен бірге АСЕМ (Азиялық-еуропалықфорум) аясында да өрбуде.