Хабаршысы. Экономика сериясы (Apr 2015)
Посткеңестік елдердегі агроөнеркәсіптік интеграцияның тиімді экономикалық мүдделері. Эффективные экономические интересы агропромышленной интеграции постсоветских стран
Abstract
Аймақтық мемлекеттердің интеграциялануы – ұлттық шарушылықтардың өзара әрекеттесуі және жақындауы, аймақтық экономикалық топтардың құрылуы. Мемлекеттердің өңірлік және әлемдік экономикалық жүйеге кірігуі өндіруші және қайта өндіруші өнеркәсіп тауарларының ірі нарығының қалыптасуына, терең деңгейлі өңделген өнімді жоғары мөлшердегі қосылған құнмен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар сыртқы саудада құрылымдық өзгерістер енгізуге, жаңа үдемелі технология лар мен инновациялық техникаға өтуге жол ашады. Агроөнеркәсіптік кешен республикадағы экономикасы жоғары әлеуетті, мүмкіндігі мол, ұдайы өндірістік және әлеуметтік мәні жоғары негізгі салалардың бірі саналады. Елдегі экономикалық реформалар, билік орындары қабылдаған нормативтік-құқықтық актілер мен басқа да іс-шаралар тұтастай алғанда агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда әлі де болса шешуші рөл атқара алмай отырғаны ақиқат. Осы жерден ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың жаңа әрі тиімді механизмдерін жасау қажеттілігін байқаймыз. Аграрный сектор занимает значительное место во всей экономической, социальной системах. Развитие агропромышленности для Республики Казахстан – одна из сложных и значительных проблем. Поэтому, развитие агропромышленного комплекса одна из важных приоритетов экономической политики нашей страны. С годов получения суверенности страны, одна из важных задач в осуществлении аграрных реформ– развивая агробизнес, координировать сельскохозяйственную сферу с агропромышленной интеграцией.