Хабаршы. Психология және социология сериясы (Nov 2015)

Жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілердің өзара әріптестік стратегиясы

  • А. T. Omarova,
  • G. O. Аbdіkerova

Journal volume & issue
Vol. 55, no. 4

Abstract

Read online

Әлемдік тенденцияны талдау көрсеткендей, білім және ғылым жүйесі кез келген қоғамның прогрессивті дамуының басты факторы болып табылады. Білім мен ғылым экономикаға жоғары технологияны игеру мен ендіруді, ұлттық қауіпсіздікті және мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз етеді; қоғамда өзін ­өзі оқытуға деген әлеуметтік қажеттілік­ті қалыптастырады, елімізді мәдени­ адамгершіліктік дамудың жоғары деңгейіне шығарады; мемлекеттік біртұтастықты қалыптастырудың аза­маттық­париоттық негізін құрады. Қазақстанның индустриалды­инно­вациялық даму жолы білім мен ғылым саласын басқарудың эффективті моделін қажет етеді. Еліміздің басшысы Н.Ә. Назарбаев көрсеткендей, қазіргі уақыттағы мамандарды даярлау сапасының басты критерийі бо­лып түлектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуы табылады. Бұл Қазақстан білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне енуі­ мен байланысты. Бұл жағдайда жоғары оқу орны мен жұмыс берушінің өзара әрекеттестігінің, сонымен бірге, қоғам мен тұлғаның қызығушы­лықтарына сәйкес келетін әріптестіктің эффективті моделін таңдаудың өзектілігі артып отыр. Анализ мировых тенденций показывает, что система образования и науки становится мощным фактором прогрессивного развития любого общества. Образование и наука обеспечивают освоение и внедрение в экономику высоких технологий, национальную безопасность и независи­мость государства; формируют в обществе социальную потребность в са­мообучении, выводят страну на высокий уровень культурно ­нравственного развития; создают гражданско ­патриотическую основу для формирова­ния государственной идентичности. Путь индустриально­инновационного развития Казахстана требует эффективную модель управления сферой об­разования и науки. Глава государства Н.А. Назарбаев отметил, что главным критерием качества подготовки специалистов в настоящее время должна стать конкурентоспособность выпускников на рынке труда. Это связано с вхождением казахстанской системы образования в мировое образователь­ное пространство. В этих условиях возрастает актуальность взаимодейст­вия вузов с работодателями, а также выбор эффективной модели сотруд­ничества, соответствующие интересам общества и личности.

Keywords