Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (May 2016)

Иранның ядролық бағдарламасының мақсаты

  • Т. Н. Махмутов

Journal volume & issue
Vol. 41, no. 3

Abstract

Read online

Мақалада Иранның ядролық бағдарламасы жөнінде мәлімет беріледі.XXІ ғасыр адам баласының жаһандану кезеңіне аяқ басып, әлемді жаңарту бағытында көптеген ғылыми өзгерістерімен таңдандыруда. XX ғасырдың 40-жылдарынан бастау алған ядролық қарудың негізі адамзат қоғамының қауіпті дертіне айналып, «Атом өндірісінің» бағыттары бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналуда. Иран Ислам Республикасының ұлттық ядролық бағдарламасы ғылыми техникалық саладағы дамытуды әр мемлекеттің аясындағы ішкі қарым-қатынастарына тиесілі мүдде ретінде қарастырылады. Бұл факторлар Ресей немесе Иран мемлекеті үшін ішкі саяси бағыттарды бекемдеуге ықпал ететіні анық. Ирандағы радикалды саяси партиялардың көзқарасын өзгертіп, әлемдегі басты мәселеге айналуы мүмкін деген үрей бар. Иран мемлекетін өз қолымызбен ядролық алпауыт мемлекеттердің қатарына қосылуына мүмкіндік берудеміз. Ресей үкіметіне Иран Ислам Республикасымен ядролық бағытта саяси-техникалық байланыс жасап, ықпал жасағандығы үшін АҚШ тарапынан жан-жақты қысым көрсетілуде. Америка Ресейге Иранға ракета-ядролық бағдарламасын сатты деген айыптаулармен Ресей мекемелеріне санкциялар жүргізді. Иран мемлекеті аймақта өзінің өктемдігін ядролық қарумен қоқан-лоққы көрсетер болса, АҚШ пен Израиль мемлекеті бірлесіп соғыс күшін көрсететінін айтты. Иран елінің үш мыңжылдық тарихында өркениеттің өзегінің бар екенін тарихи жәдігерлер дәйекті дәлелдер беруде. Жоғарыда айтып өткендей, ғылымдағы жетістіктерді әрбір мемлекет бейбітшілік мақсатта қолдануға құқылы екеніне сүйене отырып, ғылымдағы жетістіктерді жандандыруға мүдделі.

Keywords