Хабаршы. Заң сериясы (Jun 2018)

СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУДЕГІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІ БІРІКТІРУ МЕН БӨЛЕКТЕП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  • Какимов Ж.Ж.,
  • Туманшиев Р.К.

Journal volume & issue
Vol. 85, no. 1
pp. 130 – 139

Abstract

Read online

Мақалада қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеу нормасының қылмыстық процесс құқығындағы рөлін айқындау, оған талдаулар жасау, мағынасы мен түсінігін беру және оны іс-тәжірибеде қолдануда туындап отырған өзекті мәселелерге тоқталу болып табылады.Кез келген қазіргі замандағы қоғамда қылмыстылықпен күресу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда біздің мемлекетте аталған мәселе күрделілердің біріне жататыны мәлім. Қолданып жатқан шараларға қарамастан қылмыскерлердің іс-әрекеттерін толықтай жою немесе тоқтата тұру мүмкін болған жоқ. Сонымен қатар ҚР-дың Қылмыстық процесс кодексімен қылмыстық істі бөлектеу және қылмыстық істерді біріктіру негіздері бүгінгі таңда толық көлемде реттелмеген. Қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істі бөлектеп алуға байланысты сұрақтарды шешу барысында орын алып отырған өзекті мәселелер мен олқылықтардың көп екені байқалады. Көбінесе олар қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеудің процессуалдық тәртібімен, алдын ала тергеу мен анықтаудың мерзімін есептеумен, лауазымды тұлғалардың өкілеттігімен және заң нормалары арасындағы қарама-қайшылықтармен тікелей байланысты болып отыр. Менімен қозғалған сұрақтар әлі күнге дейін заңмен анықталмаған. Алайда Қазақ КСР-нің Қылмыстық іс жүргізу кодекстен ҚР Қылмыстық процестік кодексіке қарағанда, ҚР-дың Қылмыстық процестік кодексінде қылмыстық істерді біріктіру мен қылмыстық істерді бөлектеп алудың негіздері мен тәртібі айтарлықтай кеңейтілген.

Keywords