Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (Apr 2016)

Қытайдың Орталық Азия өңіріне экономикалық енуі: ахуалы, мәселелері және дамуы

  • R. Е. Elemesov,
  • М. А. Kabidenov

Journal volume & issue
Vol. 71, no. 3

Abstract

Read online

Мақалада Қытайдың Орталық Азия елдеріне экономикалық ену жолдары қарастырылған. Автор қазіргі таңдағы екі тараптың сауда-экономика саласындағы ахуалы мен мәселелерін талдаған. Сонымен бірге, ҚХР мен ОА өңірі арасындағы қатынастардың Ұлы Жібек Жолын қайта жаңғырту тұрғысындағы ұғыммен айқындалуы маңызды болып табылады. Ежелгі Ұлы Жібек Жолының тармақтарын заманауи талапқа сай құрылымдау екі жақтың мүдделерін тең анықтайды. Орталық Азия өңірі елдерінің бірқатарында географиялық алшақтық және «жабық есік» саяси ұстанымына байланысты жаһандық экономикалық ықпалдасуларға ену үрдісінде әлсіздік танытатын елдер кешені ұшырасады. Алайда Қытай мен ОА өңірі елдерінің сауда-экономикалық қатынастарында бірсалалық тауар алмасу ағымы көрініс тауып, ол басым тұрғыда энерго-шикізат ресурстарымен шектелінеді. Қытайдың өңірді өзінің энергетикалық шикізат қоры ретінде қарау стратегиялық әріптестігіне жол бермеудің жан-жақты қадамдарын тұжырымдау қажет. ОА өңірі елдерінің Қытайға экспортталатын өнімдерінің басым бөлігін дайынөнімдердің құрау перспективасы алдағы уақыттары шешімін табуы тиіс.

Keywords