Әл-Фараби Атындағы Қазақ Ұлттық Университеті хабаршы шығыстану сериясы (Apr 2016)

Цао Сюециннің «Қызыл сарай түсі » романы мен М. Әуезовтің «Абай жолы » роман- эпопеясындағы әйелдер бейнесіне салыстырмалы талдау

  • А A Kenzhebaeva,
  • L A Kenzhebaeva

Journal volume & issue
Vol. 71, no. 1

Abstract

Read online

Берілген мақалада шығыс әдебиеті, соның ішінде қытай және қазақ әдебиеттерінің жауһарлары – М. Әуезовтің «Абай жолы» роман- эпопеясы мен Цао Сюечиннің «Қызыл сарай түсі» туындысына салыстырмалы талдау жасалынған. Аталған туындылардағы образдар галереясын талдау жасау арқылы екі ұлттың мәдени болмысы мен ойлау жүйесі, қоршаған дүниені қабылдаудағы ұлттық менталдық танымы туралы жан-жақты ақпарат берілген. Мұнда әр ұлтқа тән ұлттық форма, көркем-бейнелеу тәсілдері, әдеби және тарихи дәстүрлер, реалия сөздер, наным-сенімдер, әдет-ғұрыптар, жағрафиялық ерекшеліктер проблемалары сөз болады.

Keywords