Хабаршы. Психология және социология сериясы (Jan 2017)
Бақытты жұптар стратегиясы
Abstract
Мақала қазіргі таңдағы әлеуметтік жұмыс саласының зерттеу объектісі ретінде бақытты отбасылар мен бақытты жұптардың өмірлік стратегиялық ерекшеліктерін анықтауға негізделген. Әлемде көптеген бақытты жұптар өмір сүруде. Олардың өмір сүруі және бір-біріне деген сыйластық пен сүйіспеншілік сезімдері дүйім жұртты қызықтырмай қоймайды. Сол себепті мақалада бақытты жұптардың стратегиялары салыстырмалы түрде талданған. Мақаланың өзіндік ерекшелігі – әлемдегі бақытты жұптарға жасалған зерттеу нәтижелерімен қатар стататистикалық көрсеткіштер көрсетілген. Неліктен біреулердің махаббаты уақыт өте берік бола түседі, ал кейбіреулер ажырасып жатады немесе бақытсыз өмір сүреді? Психолог Джон Готтман (John Gottman) – жұптардың бір-бірімен сөйлесіп отырғанын бақылап, 100 % сенімділікпен сол жұптың бірнеше жыл өткен соң бақытты болатындығын немесе бұл қатынастарының болашағы жоқ екендігін болжап бере алады. Иә, мүмкін емес секілді көрінеді, бірақ Джонның ғылыми зерттеулерде 40 жыл тәжірибесі бар. Сондай-ақ «бақытты жұп қандай болады» деген сауалға негізделе отырып бақытты жұп құрудың негізгі 4 принципі аталып өтілді. Мақалада Британдық зерттеу жұмыстарының қызықты ақпараттарға толы нәтижелері көрсетілген. Және де атақты мемлекет басшылары мен олардың жұбайлары туралы толықтай ақпарат берілген. Мақала психология мамандығы мен әлеуметтік сала бойынша оқитын бакалаврларға, психология және әлеуметтік сала мамандарына және басқа да гуманитарлық, техникалық бағытта білім алатын оқушыларға арналған.