Хабаршы. Психология және социология сериясы (Nov 2015)
Наркологиялық орталықтағы маскүнемдікке тәуелді адамдармен жұмыста әлеуметтік қызметкердің рөлі
Abstract
Маскүнемдік – ішімдікке (этил спиртіне) шексіз құмарлықпен, оған психикалық және физикалық тәуелділікпен сипатталатын, ешбір зиянын елеместен алкогольді ішімдіктерді жүйелі түрде тұтынумен жүретін ауру. Маскүнемдік – аутодеструктивті (өзінөзі бұзатын) девиантты әрі тәуелді әрекет түріне жатады. Американдық медициналық ассоциация журналы алкоголизмге мынандай анықтама береді: «Алкоголизм – спиртті қабылдауды бақылаудың бұзылуымен, алкогольге құмарлықпен, алкогольді оның жағымсыз әсерлері мен ойлау жүйесін бұзатынын ескерместен үнемі қолданумен сипатталатын созылмалы ауру». Маскүнемдіктің пайда болуы және дамуы ішімдікті қолдану көлемі мен жиілігіне, сондайақ, ағзаның индивидуалды факторлары мен ерекшеліктеріне байланысты. Проблема алкоголизма среди населения уже много лет являет ся актуальной для нашего государства. Методологической основой, изложенной в данной статье, является медикосоциальный подход к оказанию наркологической помощи больным алкоголизмом. Он предполагает внедрение в практику бригадного метода работы с алкогольнозависимыми людьми: врач психиатр-нарколог, медицинский психолог, специалист по социальной работе, социальный работник. Такой методологический подход позволяет резко увеличить эффективность лечебно-реабилитационной работы в нарко-центрах.