Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (Mar 2016)

Қазақстанда жəне Польшада қалдықтар айналымын құқықтық реттеудің салғастырмалы-салыстырмалы аспекті

  • Zh. K. Oryntaev

Journal volume & issue
Vol. 65, no. 1

Abstract

Read online

Мақалада түрлі қалдықтарды жою жəне өңдеу туралы поляк Заңы мен қазақстандық заңнамалары са- лыстырылып сипатталады. Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасында қалдықтардың ай- налымы үрдісін үйлестіру үшін құқықтық негіз жасалған. Қазақстандық заң жобасында жоқ, ал поляк заңнамасында рециклинг ұғымы бар болуына қарамастан, бұл термин қалдықтарды екінші рет өңдеу ретінде қалдықтар туралы Заңында бар. Алайда поляк заңнамасына қарағанда, біздің республикамызда қалдықтар туралы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру қажеттігі енді ғана туындап отырғандығын автор атап көрсетеді. Дегенмен қалдықтарды жоюды реттейтін қазақстандық құқықтық нормалар мен поляк Заңы құқықтық реттеудің бірыңғай əдісімен жəне пайдаланылатын құқықтық құралдарымен біріктірілген.

Keywords