Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (Jun 2016)
Азаматтық құқықты қолдану тәжірибесінде кінә және себепті байланысты ескеру
Abstract
Бұл мақалада авторлар азаматтық жауаптылық негіздерінің бірі ретінде кінә және себепті байланысқа тоқталып, оларға анықтама беруге тырысқан. Ұзақ уақыт бойы кінә ұғымы туралы, кінә мен құқыққа қайшылық, себепті байланыс ұғымдарының ара қатынасы туралы ғылыми даулар толастамай келеді, сонымен бірге кейбір авторлар кінәнің белгілері мен құқыққа қайшылық ұғымының белгілерін араластырып қарастырады. Мамандардың көпшілігі кінә ұғымына қатысты мынадай әділетті шешімге келді: кінә – жалпықұқықтық категория болғаны үшін ол барлық құқық салаларында бірдей мәнге ие болуы керек. Бұл сұрақтағы принциптік айырмашылықтар ежелден бастап екі басты тұжырымдамада көрініс тапқан, олардың негізінде зиян келтіру қағидасы мен кінә қағидасы жатыр.