Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (May 2016)
Этносаяси қақтығыстардың кейбір қырлары: Босния тағылымы
Abstract
Этникааралық қақтығыстар соңғы онжылдықтар барысындағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Оның себебі, бұл реттегі қақтығыстар мемлекеттер арасында шыққан жағдайда өте қатерлі, сондай-ақ бір елдің ішкі аумағында болған жағдайда да аса қауіпті. Бұл саяси, әлеуметтік тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін, ең соңында мемлекеттілікке, елдің тұтастығына әсерін тигізуі ықтимал. Мақалада этникааралық және діниаралық қақтығыстардың кейбір астарлары, осындай қақтығыстардың шығу себептері, типтері мен түрлері қарастырылған. Қазіргі әлемдегі этникааралық қақтығыстарға мысал ретінде қысқаша түрде Босниялық қақтығысқа сараптама жасалынады. Сондай-ақ қақтығысқа қатысушы тараптардың мүдделері, талаптары мен қауіптену себептері және Босниялық қақтығысты өршіткен және тежеген факторлар қарастырылады.