Хабаршы. Заң сериясы (Mar 2019)
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫНДА КАРАНТИНДІК ФИТОСАНИТАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ (қадағалау) ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Abstract
Мақалада бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі Еуразиялық экономикалық Одақ аясындағы фитосанитарлық бақылаудың кейбір өзекті мәселелері жан-жақты талқыланып, осы саладағы нормативті-құқықтық актілерге кешенді талдау жасалынылады. Кеден шекарасында фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мәселерін құқықтық тұрғыдан шешу жолдары қарастырылып, фитосанитарлық қауіпсіздікті теориялық және тәжірбиелік тұрғыдан жетілдіру жайлы ұсыныстар берілген. Зерттеудің мақсаты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) тиімділігін арттыру болып табылады. Зерттеу жұмысы идеясы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуші негізгі фактор ретіндегі – Қазақстан Республикасындағы фитосанитарлық қауіпсіздік саласындағы заңнаманың жай күйіне терең құқықтық талдау жасаудан тұрады, қарастырылып отырған саладағы халықаралық тәжірибедегі жинақталған мемлекеттік реттеу дағдылары мен білімін интеграциялау қажеттілігін ғылыми негіздеуді көздейді. Сондай-ақ, зерттеу идеясы фитосанитарлық қауіпсіздік саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін мамандандырылған заңнаманы қабылдау және аталған саладағы Қазақстан Республикасының аграрлық және басқа да заңнамалық нормаларын жетілдіру бойынша авторлық ұсыныстарды жасауды қамтиды. Еуразиялық экономикалық одақ және Қазақстан Республикасындағы кеден шекарасындағы карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) туралы заңдардың ретроспективті талдауы жүргізілді. Мақаланың теориялық-әдістемелік негізі жалпы ғылымдық және жеке-ғылымдық әдістеменің талаптарының органикалық байланысында құралады. Сонымен қатар, жұмыста жеке-ғылыми әдістер де қолданылады: құрылымдық-жүйелі талдау, нақты-тарихи, салыстырмалы-құқықтық, логикалық, статистикалық әдістер және т.б.