Хабаршы. Психология және социология сериясы (Dec 2014)
Әлеуметтік қызметкердің профессиограммасына қой ылатын кәсіби-этикалық талаптар
Abstract
Мақалада әлеуметтік қызмет мамандығының жалпы қоғамдағы орны мен әлеуметтік қызмет-кердің кәсіби этикалық принциптері туралы мәліметтер зерттелген. Мақаланың объектісі болып әлеуметтік қызметкерлер, ал пәні әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби-этикасы мен моральдық нор-малары табылады. Автор мақаланы зерттеу барысында ежелгі грек философтарының еңбектері мен психологиялық бағыттарға сүйене отырып қарастырған. Мақалада әлеуметтік қызметкерге қойы-латын адамгершілік талаптармен қатар, олардың жауапкершіліктері де баяндалған. Себебі, әлеумет-тік қызметкер әрбір іс-әрекеті арқылы қоғам мен мемлекеттің алдында және қызметтестері алдында да жауапты.