Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (May 2016)
Әкімшілік қадағалау қылмыстың қайталануының алдын алу нысаны ретінде
Abstract
Мақала қазіргі қоғамда қылмыстың қайталануының алдын алудағы әкімшілік қадағалаудың маңызын анықтауға бағытталған.Қазіргі қоғам өмірінің дамуымен қатар қылмыстылық құбылысы да қарқынды сипатқа ие болып отыр. Осы бір қылмыстылық дертінің бір бөлігі болып табылатын қылмыстың қайталануы және оның алдын алу мәселелері, онымен күресу жолында маңдай тер еңбегін төгіп жүрген адамдардың қай-қайсы болмасын алаңдатпай қоймайды. Осы ретте қылмыстың қайталануының алдын алу мәселелерін жетілдіру бүгінгі күнге дейін өзекті мәселе болып отыр.Қылмыстылықтың алдын алуды тиімді ұйымдастыру, ең алдымен үлкен үш мәселені шешіп алуды қажет етеді, олар:1) қылмыстылықты, ондағы өзгерістерді тану мен бағалау; 2) детерминацияның ерекшеліктерін табу, себептер мен жағдайларды анықтау; 3) қылмыстылықпен күресудің жүйесін құру. Аталған жағдайлардың барлығы, әрине, тәжірибелік сипаттағы мәселелер, бірақ ол өз кезегінде оның теориялық базасын қалыптастыруды қажет етеді. Сонымен қорыта келгенде, әкімшілік қадағалау қылмыстың қайталануының алдын алу нысаны ретінде заңдылық қағидаларын, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін сақтау негізінде Ата Заңымыз - Конституцияны басшылыққа ала отырып жүзеге асырылады. Сондай-ақ, әкімшілік қадағалау орнату арқылы мемлекеттің қылмыстық саясатының басым бағыттарының бірі саналатын қылмыстылықтың алдын алу шарасын тиімді жүзеге асыруға өз септігін тигізеді.