Хабаршы. Психология және социология сериясы (Nov 2013)

Арт-терапияның шығу тарихы және оның әлеуметтік жұмыста қолданылуы

  • I. S. Sarybaeva,
  • S. M. Duysenova

Journal volume & issue
Vol. 47, no. 4

Abstract

Read online

Мақалада арт-терапияның шығу тарихы мен қолданыстағы функциялары, бағыттары мен салалары қарастырылған. Бұл жерде қоғамның экономика мен рухани саласындағы түбегейлі өзгерістері мен олардың жағымсыз салдары, олардың отбасылық қарым-қатынасқа кері әсері және де халыққа әлеуметтік көмек көрсету формалары мен әдістерін жан-жақты дамытуға қажеттіліктің жоғарылауы туралы айтылған. Авторлар әлеуметтік жұмыс саласындағы маманның қазіргі терапевтік ықпал ету әдістерін меңгере отырып, соматикалық және психикалық ауытқуларда қолданатын шешу жолдарын көрсетіп өткен. Сонымен қатар автор арт-терапия әдісі даму үстіндегі психотерапияның әдістердің жаңа түрі болып табылатындығын көрсете отырып, аталмыш терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие екендігі туралы айтып өтеді. Және де осы арт-терапияны қолдану арқылы қол жеткізуге болатын мақсаттары қарастырылады. Сапалы терапиялық мақсаттарда қолданудағы құндылығы, символикалық деңгейде әртүрлі сезімдермен тәжірибе жүргізу арқылы оларға көрініс беру және зерттеу болып табылады. Символдарды іске асыруын алғашқы қауымдық адамдардың үңгірдегі суреттерден дейінгі және кейінгілерден бақылауға болады. Біздің ертедегі ата-бабаларымыз символикалық бейнелерді өздерінің әлемдегі орны мен адамның күнелтуін айыру үшін қолданған. Өнер қоғамдық құрлыспен пайда болған көрініс болып табылады. Арт-терапиялық процесте көркем бейнелері және аса айқын куәлік өздерінің және топтық тәжірбиеден материалдыққа айналады. Көркем мәнерлі топ мүшелерінің осы берілген жұмыстың формасында деңгейлік мінезі айқын, жақсы байқалады. Көптеген онымен байланысты феномендер белгілі мөлшерде жанама түрде басқалардың көркем іс-әрекетінің, ол ненің арқасында, орын күшті әсер “жинақ” аффекттік көркем өнімі, ал кей жағдайларда феномен ұйымдық ретке келтіру өзіндік әртүрлі сезім шығарма түрімен бірге немесе топ мүшелерінің мәнерлі мінез- құлығымен сипатталады. Мұның барлығы “ұстап тұру” сезімдері топ мүшелерінің психотерапевтік кеңістіктегі шекарасы және белгілі бір “қауіпсіздік техникасын” сақтау қажеттілігіне сүйенген. “Ұстап тұрудың” осыған байланысты белгілі факторлары да көрсетілген. Арт-терапия әдісі Қазақстанда қазіргі уақытта мектеп жасына дейінгі мекемелерде жиі қолданылып жүргендігі туралы да қарастырып өткен.

Keywords