Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (Apr 2016)

Түркия мен Ресейдің саяси-энергетикалық қатынастары

  • Zh. B. Momynkulov,
  • E. B. Ibraemova

Journal volume & issue
Vol. 62, no. 2

Abstract

Read online

Түркияның аймақтық деңгейдегі ғана емес, сондай-ақ халықаралық геосаясаттағы ұстанымын нығаютудың негізі ретінде энергетикалық факторды атауға болады. Түркияның экономикасы, өнеркəсібі мен сыртқы саяси ықпалының күшеюі үшін ең қажетті шарт – жаңа қуат көздерінің қамтамасыз етілуі болып табылады. Түркия импорттайтын қуат көздерінің жартысын Ресейден жеткізілетін табиғи газ құрайды. Түркия Ресейдің табиғи ресурстарына, əсіресе газына шектен тыс тəуелді болып кетпеу үшін жаңа, балама энергетикалық, көліктік, логистикалық жобаларын жүзеге асыруға мəжбүр. Бұл жобаларға TANAP, BТЕ, Nabucco, TAP, Транскаспий құбырлары сияқты жаңа энергетикалық шешімдер жатады. Түркия келешекте Ресейге энергетикалық тəуелділігін мақсатты түрде азайтып, Əзірбайжан, Түрікменстан, Иран, Ирақ, Қазақстан сияқты зор əлеуетке ие шикізат экспорттаушыларына арқа сүйегісі келеді. Ресей өз шикізатын Түркия сияқты айтарлықтай ірі нарыққа экспорттауға мүдделі. Түркия болса, энергия көздерін үзіліссіз түрде жеткізіп тұратын Ресей сияқты сенімді серіктеспен жақсы қарым-қатынаста болғысы келеді. Ресей Түркияның бағасы төмен, сапасы жоғары тауарларын сатып алуға мүдделі болса, Түркия да Ресейдің тұрақты бағаға сатылатын қуат көздерін сатып алуға үлкен қызығушылық танытып отыр.

Keywords