Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (Mar 2016)

Мұсылман миграциясы мəселесі жəне Оңтүстік Еуропа мемлекеттерінің саясаты

  • Zh. Idrysheva,
  • B. Balaubayeva

Journal volume & issue
Vol. 65, no. 1

Abstract

Read online

Бұл мақалада Оңтүстік Еуропа мемлекеттерінің мұсылман көші-қон үдерісі мəселесі жəне оны реттеуге байланысты саясаты қарастырылған. Оңтүстік Еуропадағы мұсылман көші-қон үдерісіне тарихи шолу негізінде қазіргі таңда орын алып отырған мұсылман көші-қон мəселесі негізгі назарға алынады. Еуропа иммигранттар үшін тартымды орталықтардың бірі. Оңтүстік Еуропадағы мұсылман миграциясы мəселесі араб əлеміндегі көтерілістерден кейін жаңа күшке ие болды. «Араб көктемі» миграция толқынына алып келді. Əрине, бірінші кезекте Италия, Грекия, Испания елдері Африкаға жақын орналасуына байланысты жапа шекті. Иммигранттар мемлекеттердің сыртқы, ішкі өміріне тікелей əсер етеді. Иммигранттардың келуін шектеуде Оңтүстік Еуропаның миграцияны қадағалау жүйесі əлсіз. Ал еуропалық одақтың иммиграцияға қатысты біртұтас саясаты əлі қалыптаспады. Бұл мəселе бірлікті қажет етеді. Кез келген мəселеге қатысты шешім қабылдауда Еуропа бірлессе, бұл бүкіл Еуропаның жарқын болашағының кепілі болмақ.

Keywords