Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (May 2016)
Құзыреттілікті дамыту жолдары
Abstract
Бұл мақалада жоғарғы оқу орнындағы құзіреттілікті жүзеге асыру мәселелері қарастырылған. Автор білім, білік, дағды, құзіреттілік ұғымдарының мағынасын аша отырып, әдеби анализ негізінде салыстырмалы түрде білім берудің ерекшеліктеріне сипаттама беріп отыр. Орыс аудиториясында қазақ тілін оқыту барысында нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру – негізгі міндет. Құзырлылық – студент іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі. Сондай-ақ бұл мақалада студент-дәрігерлерге жұмыс барысында қолдануға өте қажетті сөйлесім мәтінін өздеріне құрғызудың нәтижесінде дәрігердің қазақ тілінде сөйлеу қабілеттерінің артуы туралы да айтылған. Ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін қолдану студенттердің қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасын көтеруге тікелей әсер етеді.