Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (Jun 2024)

«Орта дәліздің» Қазақстан үшін геосаяси және геоэкономикалық мәні

  • А.Р. Алипбаев,
  • С.Т. Джакубаева

DOI
https://doi.org/10.26577/IRILJ.2024.v106.i2-09
Journal volume & issue
Vol. 106, no. 2

Abstract

Read online

Бүгінгі жаһандану заманында халықаралық қатынастардың саяси және экономикалық са- лаларында да бір-бірімен шырмалып жатқан сәтте, Еуропа мен Шығыс арасындағы сауда бай- ланысы күннен-күнге нығая түсуде. Мемлекеттердің экономикалық дамуының негізі ретінде жүк тасымалының мәні де арта түсуде. Ежелде бұл байланыс Ұлы Жібек жолының негізінде жүзеге асқан болса, енді Қазақстан Республикасы үшін Транскаспий халықаралық көлік бағыты, яғни Орта дәліздің дамуы арқылы қайта жандана түсуде. Осы орайда Қазақстан Республика- сы тәуелсіз ел ретінде халықаралық қатынастардағы алғашқы мүмкіндіктерге ие болған сәттен бастап жаһандану үрдісінің ағымында өзінің логистикалық инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударып келеді. Ал соңғы кездегі геосаяси жағдай Қазақстанды әлеммен байланыстыра- тын Транскаспий халықаралық көлік бағытын жаңа деңгейге көтеруде. Яғни бүгінгі посткеңестік кеңістікте орын алған саяси дағдарыс бұл бағыттың стратегиялық маңыздылығын арттыра түсті. Осы орайда ұсынылып отырылған мақалада Қазақстанның Орта дәлізді жан-жақты дамыту бағытында қол жеткізген жетістіктері мен болашаққа бағытталған стратегиялық жоспарлары қарастырылады. Сонымен қатар Транскаспий халықаралық көлік бағытының аясын кеңейту ел- дер арасындағы мәдени-ізгілікті байланыстарды дамытуға, тату көршілік қатынастарды, достық пен өзара түсіністікті нығайтуға елеулі үлес қосатыны дәйектеледі. Түйін сөздер: көлік-логистикалық инфрақұрылым, Қазақстан Республикасы, Қытай, Еуропа, Каспий теңізі, халықаралық көлік дәліздері, мультимодальды көлік-логистикалық орталықтары.