Хабаршы. Психология және социология сериясы (Oct 2014)

Әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі мәні

  • Zh. Nurbekova,
  • Z. Zhanazarova

Journal volume & issue
Vol. 50, no. 3

Abstract

Read online

Қоғамдық құбылыс ретінде пайда болған, адамдардың ерекше іс-әрекет саласы ретіндегі әлеуметтік жұмыс белгілі бір даму жолын өте келе жиі арнайы ғылыми зерттеулердің объектісіне айналуда. Әлеуметтік жұмысты ғылыми ұғыну қоғамдық өмірде қайырымдылық феноменінің рөлін анықтаудан, сонымен бірге адамдарды әлеуметтік қорғауды, мұқтаждарға көмек көрсетуді, әртүрлі философиялық, психологиялық, психотерапиялық, әлеуметтанулық, медициналық келулерді ғылыми негіздеу талпыныстарынан басталды. Әлеуметтік жұмыстың теоретикалық негізделуі қазіргі уақытта үш бағытта жүріп келе жатыр деп айтуға болады. Біріншіден, әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік философия, әлеуметтік тарих, саясаттану, әлеуметтік психология, мәдениеттану секілді пәндер арасындағы орны анықталады. Екіншіден, әлеуметтік жұмыстың зерттеудің өзіндік объектісі ретіндегі өзінің теориялық константтарына іздеу жүргізіледі; үшіншіден, оның басқа адам және қоғам туралы ғылымдар мен өзара байланысы анықталады. Әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі шетелдік тәжірибесін талдауда оның теориялық негізделуінің алғашқы қадамдары қайырымдылық қызметінің дамуымен байланысты екенін дәлелдейді.

Keywords